Ата-аналар назарына 2024-2025 оқу жылы Ә.Шәріпов атындағы №16 ЖББМ » КГУ «Общеобразовательная школа №16 имени А.Шарипова»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№16 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналар назарына 2024-2025 оқу жылы Ә.Шәріпов атындағы №16 ЖББМ
27
май
2024

Ата-аналар назарына 2024-2025 оқу жылы Ә.Шәріпов атындағы №16 ЖББМ

 “Мектеп формасы-баршаға ортақ”.

        Мектеп формасы - бала үшін ең маңызды элемент болып табылады, себебі баланың көпшілік уақытын мектепте өткізеді. Мектеп формасы оқу процесінде зейінін тұрақтап шоғырлануға көмектеседі және басқа заттарға көңіл аудармауды тәртіптейді.         

Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасының талаптары бекітілді.   

Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлық сипатына сәйкес келуі қажет. Форманың үлгісі мен түсі классикалық үлгіні ұстанып, бірыңғай түстердің үйлесімді гиммасын, үш түстен артық емес және шыиқай ашық түстер емес жағымды түстер таңдалып, білім алушылардың жас ерекшелігін ескере енгізіледі. Ол күнделікті киетін, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.

Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, ақ жейде, көк галстук. Ұлдарға арналған шарбарлар еркін тігілген ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы қажет.

Қыздардың мектеп формасына: пиджак, жилет, ақ жейде, қара немесе көк туфли, тізеден төмен юбка (ұзындығы тізеден төмен 5-7 см төмен түсіп тұруы тиіс)

Спорттық киімге: ұл мен қызға ортақ спорттық костюм, ақ футболка, спорттық аяқ киім.

Қыздар шаштарын буып, бұрымға өріп, қыштырғышпен жинап, ер балалар шашты ұқыпты алғызып қою, шаш түсі табиғи болу керек.  

Қыздардың тырнақтары өспеген және боялмаған,
 бетіне макияж жағып, татуаж жасау, әшекей бұйымдармен, пирсингпен келмеу керек. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: