Президенттің "Халық бірлігі және жүйелі реформалар– Ел өркендеуінің берік негізі» Қазақстан халқына Жолдауы ұжым арасында талқыланды » КГУ «Общеобразовательная школа №16 имени А.Шарипова»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№16 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Президенттің "Халық бірлігі және жүйелі реформалар– Ел өркендеуінің берік негізі» Қазақстан халқына Жолдауы ұжым арасында талқыланды
02
ноябрь
2021

Президенттің "Халық бірлігі және жүйелі реформалар– Ел өркендеуінің берік негізі» Қазақстан халқына Жолдауы ұжым арасында талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар– Ел өркендеуінің берік негізі» Қазақстан халқына Жолдауы ұжым арасында талқыланды. Мектеп директоры А.З.Момынкулова жолдауда айтылған мәселелерді орындау бойынша педагогтарға нақты ұсыныстар айтты. Білім беру мен тәрбиелеу үдерісінде әлемде болып жатқан дағдарыс жағдайын ескере отырып, білім алушылардың психологиялық жай-күйіне ерекше мән беру керектігін атады. Әрбір пән мұғалімдерінің өткен оқу жылында орын алған олқылықтарды биылғы оқу жылында толтыруға тырысып жатқандарын, оқушымен арадағы қарым-қатынастың әр қилы қалыптасып отырғанына да тоқталды. Бұл тұста отбасы тәрбиесінің көмегі мұғалім үшін ең қажетті шара болып отырғанын ерекшеледі. Әрбір оқушыға педагогикалық-психологиялық қолдау білдіру, Алматы қаласының мақсатты «Отбасылық тәрбие мектебі» жобасы аясында бірлескен жұмыс жасау тиімді нәтиже берерін атады. Көп балалы, әлеуметтік аз қамтылған, қамқоршысынан айырылған отбасы балаларының жай-күйі үнемі назарда болып отыруы қажет екенін түсіндірді. Сапалы білім беруге «отбасы-мектеп-бала» одағының ынтымақтастығы мықты кезде қол жеткізетінімізді айтты.

Ұжым өз арасында пікірлерін ортаға салып, Қ.К.Тоқаевтың Жолдауына қолдау білдіріп, міндеттерді бірге атқаруға күш-жігерлерін аямайтындықтарын жеткізді. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: