«Міржақып оқулары»
Ұлт қайраткері, ақын, жазушы, ағартушы Міржақып Дулатовтың 140 жылдық мерейтойына орай аудан мектептерінің мұғалімдері арасында өткізілген «Міржақып оқулары» байқауына мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі Құралай Мельсбаевна қатысып «Алғыс хатпен» марапатталды. Байқаудың мақсатына сай жас маман – М.Дулатовтың өнегелі өмірі мен шығармашылығын насихаттауға өз үлесін қосып, ұстаздар арасында әдеби құндылықтарды дәріптеуге, өлең оқу мәдениетін арттыруға ат салысты. Марапатыңыз құтты болсын.