«Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу»
05.11.2021 жылы онлайн режимінде Алматы қаласы Білім басқармасы мен «Bilim foundation» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу» бағдарламасына сәйкес педагогтарға арналған «Тағдыр сақшылары» тақырыбындағы онлайн вебинар өткізілді. Мақсаты: жасөспірімдердің дағдарыс жағдайындағы психологиялық жай-күйінің өзектілігін түсіну, суицидтік жағдайлардың факторлары, педагогтардың іс-әрекеттерін түсіндіру.
Вебинарда педагогтар үшін оқушы бойынан күйзеліс белгілері анықталған жағдайда әрекет ету алгоритмі көрсетілді. Оқушының агрессивті мінез-құлқының алдын алу бойынша ұсыныстар берілді. Онлайн шараға мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері, 1-11 сынып жетекшілері, психолог, әлеуметтік педагогтар қатысты.