«Біз Шәріпшілер» пікір – сайыс клубы » КГУ «Общеобразовательная школа №16 имени А.Шарипова»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№16 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
сентябрь
2021

«Біз Шәріпшілер» пікір – сайыс клубы

Ә.Шәріпов ат.№16 ЖББМ КММ де жоспарға сәйкес – ZOOM платформасы арқылы онлайн «Біз Шәріпшілер» пікір – сайыс клубының үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) «Жазу, сөйлеу, әліпби» тақырыбында пікір алмасу отырысы өтті. Мақсаты : Ел болашағы үшін «латын әріпіне» көшу мәселесінде пікір – сайысшылардың көзқарасын біліп, оқушыларды ел болашағының дамуына өз үлестерін қосуға тәрбиелеу. Пікірталас барысында пікір – сайысшылар екі топқа бөлініп тақырып бойынша өз көзқарастарын айтып, ойларымен бөлісті. Сонымен қатар пікір – сайысшылар арасында «латын әліпбиіне көшеміз бе, көшпейміз бе» деген пікірталас туындап, халықаралық байланыс еркіндігінде, шетелдік білім алу мақсатында және виртуалды, ғаламтор кеңістігінде латын әріптерімен таңбалану тиімділігі дәлелденді.  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: