Іс-шаралар » Страница 50 » КГУ «Общеобразовательная школа №16 имени А.Шарипова»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№16 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Махаббат-өмір нәрі"  атты шеберлік сабағы
06
февраль
2020
"Махаббат-өмір нәрі" атты шеберлік сабағы
      "Өзін-өзі тану "  Махаббат пен шығармашылық педагогикасы  атты онкүндік аясында "Махаббат-өмір нәрі"  атты шеберлік сабағы болып өтті. Шеберлік сабақты мектебіміздің "Өзін-өзі тану"  мұғалімі педагогика ғылымдарының магистрі  Е. А. Айдарханбеков жүргізді. Шеберлік сабақ барысында мұғалімдер түрлі тапсырмаларды орындау арқылы "Өзін-өзі тану" сабақтарында және басқа да пәндерде қолданылатын интеграциялық ізгі әдіс-тәсілдермен танысып, тәжірибе алмасты.                                       
"Өзін-өзі тану-Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" онкүндік.
03
февраль
2020
"Өзін-өзі тану-Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" онкүндік.
        3-12 ақпан аралығы өзін-өзі тану пәнінен "Өзін-өзі тану-Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндігінің ұйымдастырылуына байланысты мектебімізде түрлі іс-шаралар өткізілуде. Іс-шараның  негізгі мақсаты «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының негізіне жататын тәрбие және білім беру жүйесінде балалар мен жастардың адамгершілік-рухани танымын жетілдіру, оқушыларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, өмірге, жақын адамдарға, ата-анаға, жалпы қоршаған
«Тәртіп пен өзін-өзі ұстау мәдениеті, жауапкершілік пен орындаушылық»
28
январь
2020
«Тәртіп пен өзін-өзі ұстау мәдениеті, жауапкершілік пен орындаушылық»
       Жас буынның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарастарын қалыптастыру, қоғамдық, мәдени өмірге араласу қажеттілігін қалыптастыру мақсатында «Ел жастары» бағдарламасы бойынша 28.01.2020 жылы 9 сынып оқушылары үшін «Тәртіп пен өзін-өзі ұстау мәдениеті, жауапкершілік пен орындаушылық» тақырыбында сыныптан тыс жұмыс жүргізілді. Сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шарада жеке, жұптық, топтық жұмыстар жүргізіліп, тақырыптың мазмұны ашыла түсті. Оқушылар өз ойларын ортаға
"Интернетсіз бір күн" сынып сағаты.
21
январь
2020
"Интернетсіз бір күн" сынып сағаты.
    21 қаңтарда мектебімізде "Интернетсіз бір күн" тақырыбында 1-11 сыныптар үшін сынып сағаттары өткізілді. Сабақ халықаралық "Интернетсіз бір күн" акциясы аясында ұйымдастырылып, оқушылардың назарын шынайы, жанды қарым-қатынас пен виртуалды өмірдің орнын басатын бос уақыттың құндылығына аудару мақсатын көздеді. Акция барысында бастауыш сынып оқушылары арасында "Демалысымды қалай өткіздім?" тақырыбында фотоколлаж және сурет салу байқауы ұйымдастырылды.      
"Тұғыры биік-Тәуелсіздік"
12
декабрь
2019
"Тұғыры биік-Тәуелсіздік"
   12 желтоқсанда мектебімізде "Тұғыры биік-Тәуелсіздік" атты Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара  өтті. Мерекелік іс-шара оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыра отырып,  Тәуелсіздік күнінің маңыздылығын насихаттап, жасөспірімдерді толиранттылыққа, эстетикалық  мәдениетке баулып, рухани құндылықтарды құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында өткізілді.Мерекелік іс-шараға мектебіміздің өнерлі оқуышлары ат салысып, өздері дайындаған бағдарламаларымен қатар әуезді әндер
"Шәріповшілер" ұйымына қабылдану  іс-шарасы.
09
декабрь
2019
"Шәріповшілер" ұйымына қабылдану іс-шарасы.
   Жыл сайынғы дәстүр бойынша мектебіміздің  1-ші сынып оқушылары бүгін салтанатты түрде "Шәріповшілер" қатарына қабылданып, "Шәріповшілер" ұйымының мүшесі атанды.Кішкентай бүлдіршіндеріміз оқуда озат болуға, тәрбиеде үлгілі болуға, өз елін, жерін сүюге, мектеп өміріне белсене ат салысып, үздік оқушы атанатындарына ант бере отырып, Әди Шәріпов атамыздың өмірі мен  шығармашылымен танысты. Мектебіміздің директоры кішкентай бүлдіршіндерімізді құттықтап, өзінің ізгі тілегін білдірді.